Месси әлемдегі ең титулды футболшы атанды: қандай кубоктары бар?

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси карьерасында 45-трофейін жеңіп алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Ал өз құрамасымен бірге Америка кубогында топ жарған болатын.

Месси “Барселонамен” бірге Ла Лига (10), Испания кубогы (7), Испания Суперкубогы (8), Чемпиондар лигасы (4), УЕФА Суперкубогы (3), клубтар арасындағы әлем чемпионатын (3) жеңіп алды.

Ал “Пари Сен-Жермен” сапында Лига 1 (2) мен Франция Суперкубогын еншіледі.

“Интер Майами” ойыншысы ретінде Лига кубогында жеңіске жетті.

Аргентина құрамасы сапында әлем чемпионатын, Америка кубогы (2), Олимпиада, Финалиссима және жастар арасындағы әлем чемпионатын жеңді.

Осылайша, Месси бразилиялық қорғаушы Дани Алвесті артта қалдырды. Бразилиялықтың еншісінде 44 титул бар.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар