Михаил Кукушкин АҚШ-та Олимпиада жүлдегерін жеңіп, ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 121-ракеткасы Михаил Кукушкин Кэри (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде кезінде 14-орынға дейін көтерілген, қазір 99-сатыда тұрған ресейлік, микстен Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, ATP жарыстарында 4 мәрте жеңімпаз атанған Аслан Карацевпен шеберлік таластырды.

Бірінші сетте тай-брейкте Кукушкин таразы басын аудара білді – 7:6 (7:2).

Екіншісінде Карацев ойын тізгінін қолына алды – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Кукушкин айқын басымдылық танытты.

Екі сағат 40 минутқа созылған тартысты матчта қазақстандық спортшы 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Карацев 8 эйс, 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті.

Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 113-ракеткасы, Италия өкілі Маттиа Белуччимен таласады.

Қазіргі кезде М.Кукушкин ATP Live рейтингісінде 117-орынға шығып тұр.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 187-ракеткасы Дмитрий Попко Санто-Доминго (Доминикан) челленджер додасының ширек финалынан тыс қалды. Ол екінші айналымда әлемнің 100-ракеткасы, босниялық Дамир Джумхурмен ойынды сәтті бастап, бірінші партияда 6:1 есебімен ұтқанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады – 3:6, 4:6. Бұл ойын да тартысты болып, 2 сағат 19 минутта бітті.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *