“Міндет жоқ”. Ресейлік бапкер қазақ тіліне қатысты пікірін айтты

Семейлік «Елімайдің» ресейлік бапкері Денис Колодин «РБ Спорт» сайтына берген сұхбатында қазақ тіліне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

“Қазақстандық футболшылар орыс тілін жақсы түсінеді. Тілді меңгерген, кейбір ресейліктен жақсы сөйлейді. Тіл табыса аламыз. Мен жергілікті тілде кейбір сөзді білемін, бірақ тіл үйрен деген міндет жоқ”, – деді Колодин.

Денис Колодин “Елімайдың” бапкерлік штабына 2023 жылы желтоқсанда қосылған. Ол семейлік клубтың бас бапкері Андрей Карповичпен бірге «Қызылжар» және «Ақтөбеде» бірге жұмыс істеген болатын.

Маусымның соңында Қазақстан футболында тілге қатысты дау болған еді. Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілінде сұрақ қойған журналист Нұрсұлтан Құрманмен сөзге келіп қалған.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *