Қостанайлық “Тобыл” сербиялық вингер Зоран Тошичті командаға қайтарғысы келеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Тошич 2021-2022 жылдары қостанайлық клубта өнер көрсеткен еді. “Тобылмен” бірге 2021 жылы Қазақстан чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алған болатын.
Қазір “Тобыл” басшылығы жартылай қорғанысқа тәжірибелі футболшы шақырмақ, Тошич бас бапкер Нұрбол Жұмасқалиевке де ұнап отыр.
Бірақ Тошич клубпен әлі келісімшарт жасаспаған, себебі қостанайлықтардың ұсынысы ұнамапты.
Тошич өз карьерасында “Партизан”, “Манчестер Юнайтед”, “Кельн”, ЦСКА, “Тайчжоу”, “Банат” және “Пролетария” сапында ойнаған. Оның соңғы клубы грекиялық “Ламия” болды.
7