Мұхамедсабыр Базарбайұлы: Қарсыласым өте ыңғайсыз жұдырықтасады

Бокстан 63,5 келіде жұдырықтасатын Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасындағы екінші жекпе-жегін өткізіп, Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Еске салайық, қазақстандық боксшы Олимпиаданың екінші айналымында тайпейлік қарсыласын жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

“Қарсыласым өте ыңғайсыз жұдырықтасады екен. Өзі Азия ойындарының күміс жүлдегері, жолдаманы да сол жарыста алған.

Жеңіске жету үшін барымды салдым. Оның үстіне, екінші жекпе-жек болған соң, шаршы алаңға да бой үйрете бастадым.

Ал Олимпиаданың рухы керемет. Бүкіл спортшы армандайтын жарыс болған соң, аянып қалмау керек”, – деді боксшы.

Айта кетелік, Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиадада екінші жекпе-жегін өткізіп үлгерді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар