Қазақстандық файтер Мұратбек Қасымбай HARDCORE лигасында бразилиялық Диего Брондаоны жеңген соң өз әсерін бөлісті, деп хабарлайды “Екінші Тайм” сайты Sport Plus Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
«Қос үздік команда Tobet Top Team және DAR Team екеуін бір бұрышта басын қосқан тұңғыш спортшы болдым. Ата-анама алғыс білдіремін. Оларға келмесін деп айттым, өйткені Брандао өте қауіпті. Анамды өткен туған күміне құттықтаймын! Мама, мен сені жақсы көремін! Бәрі мені анасын жақсы көреді деп айтады, бірақ мен әкемді қатты жақсы көремін. Ол маған қашан да жұмыс істемей, жаттығу жаса деп айтып келді. Бүгін маған жанкүйерлік танытқан барлығына рахмет!», – деді Қасымбай.
4