“Не легионерлер ойнайды, не Қасым ойнайды”. “Ақтөбе” бапкері жауап берді

“Ақтөбенің” бас бапкері Дмитрий Парфенов “Сараевоға” қарсы матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Әлібек Қасым неге негізгі құрамда болмағанын түсіндірді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

«Ақтөбе» – «Сараево» (0:1) матчынан кейін қазақстандық басылымдарда “Ақтөбе” легионерлері Парфеновке “не біз ойнаймыз, не Қасым ойнайды” деп талап қойғанын жазған еді.

“Легионерлердің талабы туралы ақпарат – жәй ғана сандырақ. Қасым “Спартакқа” қарсы ойнаған жоқ. Байқағандарыңыздай, бүгін төрт қорғаушымен ойнадық. Байқадыңыздар ма? Көрмеген шығарсыздар. Алаңға Кики – Барач жұбы шықты. Осыны жазған журналистің өзі келсін”, – деді Парфенов.

Кеше «ақ-қызылдар» өз алаңында Босния және Герцеговинаның «Сараево» клубынан 0:1 есебімен жеңілген еді. Бұл Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңіндегі матч болатын.

«Ақтөбенің» еурокубоктағы сәтсіз сериясы 10 жылға созылды

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

2 Responses

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *