Неймар «Әл-Хиләлден» кетпейтін болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Флориан Плеттенбергтің ақпараты бойынша, футболшы мұндай келіссөздер туралы ештеңе білмейді. Ол жарақатына байланысты алты-сегіз аптаға алаңға шықпайды, бірақ сауыққаннан кейін алаңға оралуды көздеп отыр. 32 жастағы шабуылшының басты мақсаты – Бразилия құрамасы сапында 2026 жылғы әлем чемпионатында өнер көрсету.
Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.
67