Нидерланд – Түркия: ашық футбол, бірнеше гол. Болжам

ЕУРО-2024 ширек финалының соңғы матчы шабуылға толы әдемі футбол болуы мүмкін. Себебі шабуылдағанды жақсы көретін Нидерланд пен Түркия кездеседі. “Екінші Тайм” сайты ширек финал матчына болжам ұсынады.

Нидерланд

Нидерланд құрамасы қиын топқа түсті, бірақ плэф-офф кезеңіне басты үміткерлердің бірі болды. Рональд Куманның құрамасы алғашқы турда Польшадан басым түсті. Бірақ топтағы жеңісі сонымен бітті. Себебі екінші матчында француздармен ұпай бөлісті – 0:0.

Ал үшінші турда Нидерланд өз мүмкіндігін аша алмады. Австрия мықтырақ ойнады, қарымта шабуылдар жасады, сондықтан лайық жеңіске қол жеткізді – 3:2. Нидерланд құрамасы топта үшінші орын алғанымен плэй-офф кезеңіне шықты.

1/8 финалда Куман шәкірттері сенімді ойнады. Румынияға еш мүмкіндік қалдырмай, 3:0 есебімен тас-талқан етті.

Нидерланд сапында жарақат алған не ескертуіне байланысты матчқа қатыспайтын футболшы жоқ. Бәрі матчқа тас-түйін дайын.

Түркия

Түркияның бұл ЕУРО-дағы матчтары әдемі. Винченцо Монтелланың командасы ең бірінші матчында Грузияны сенімді жеңді. Тек Португалияға қарсы матчта түріктер сүреңсіз болды, салдарынан 0:3 есебімен жеңілді.

Ал үшінші турда Түркия футболшыларына бір ұпай жеткілікті еді, бірақ олар Чехиядан басым түсті. 1/8 финалға команда екінші орынмен шықты.

Плэй-офф кезеңінде түріктердің алғашқы қарсыласы Австрия болды. Түркия құрамасы стандарттарды сәтті пайдаланып, 2:1 есебімен жеңді. Ал дубль жасаған Мерих Демираль голды тойлау кезінде тыйым салынған ишарат көрсеткені үшін екі матчқа шеттетілді.

Одан бөлек, Түркия құрамасы сапында алдағы матчқа артқы жартылай қорғаушы Исмаил Юксек сары қағаз көптігіне байланысты қатыса алмайды. Бірақ құрамға Хакан Чалханоглу оралады, демек Оркун Кекчю қосалқы құрамда қалады. Кенан Йылдыз бен Арда Гюлер секілді жас дарындар да ойынды алғашқы минуттан бастауы қажет.

Өзара текетірес

Құрамалар әр түрлі турнирде 12 рет кездесіп, Нидерланд оның тең жартысында жеңіске жеткен. Түрік футболшылары үш рет басым болды.

Командалар соңғы рет 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде күш сынасты. Әр құрама өз алаңында жеңіп шықты – 6:2 және 4:2.

Болжам қандай?

Байқағандарыңыздар, бұл командалар арасындағы матчтарда жиі гол соғылады. Соңғы үш матчта кем дегенде үш гол көрдік. Екі құрама да шабуылдағанды жақсы көреді. Бірақ бұл матчта жартылай финал жолдамасы сарапқа салынатынын ескерсек, екі құрама да ойынды сақ бастайтын шығар. Бұл матчтың айқын фавориті – Нидерланд. Бұл ойын нидерландтықтардың негізгі уақыттағы жеңісімен аяқталуы мүмкін – 1.61 коэффицент.

Бұл матчта екі құрама да алаңнан голсыз кетпейді деп ойлаймын. Түркия да гол соғатын өз мүмкіндіктерін табуы керек. Екеуі де гол соғады – 1.83 коэффицент.

Ал өз болжамыңызды пікірге қалдыра аласыз.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар