Әлемнің екінші ракеткасы серб Новак Джокович Париж Олимпиадасындағы жеңісі үшін қомақты қаражат алады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Dailymail мәліметінше, Сербия алтын медаль алған барлық спортшысына 218 мың доллар көлемінде сыйақы береді. Бұл 102 миллион теңге.
Одан бөлек 37 жастағы Джоковичке алтын медаль иегері ретінде мемлекеттік зейнетақы тағайындалады. Ол 40 жастан бастап беріледі.
Еске салайық, Париж Олимпиадасының финалында Джокович испаниялық Карлос Алькарасты жеңген болатын. Осылайша, карьерасында алғаш рет Олимпиадада топ жарған еді.
20