Халықаралық спорттық зерттеулер орталығының (CIES) нұсқасы бойынша Қазақстан құрамасы мен “Зенит” қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасының ең қымбат 20 футболшысының қатарына енді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Қазақстандық қорғаушы тізімде 14-орында тұр.
“Зенит” әлемдегі ең қымбат 100 клубтың қатарына енді. Рейтингте ол 55-орында орналасқан. Клуб ойыншыларының құны 237 миллион еуроға бағаланды.
Ең қымбат командалар қатарында “Реал Мадрид” (1,728 млрд), “Манчестер Сити” (1,471) және “Челси” (1,388) тұр.
Еске салайық, Әліп “Зенит” сапында 2022 жылдан бері ойнап келеді. Командамен бірге ол чемпион атанып, Ресей кубогын жеңіп алған болатын.
59