Нұрбек Оралбай финалға шыға ма? Болжам жасалды

Ұлыбританиялық бокс шолушысы Тейлор О’Хиггинс қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайдың Париж Олимпиадасындағы нәтижесіне болжам жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Оралбай 30 шілдеде аустралиялық Каллум Питерспен жұдырықтасады.

“Жеребенің екінші бөлігінде Нұрбек Оралбайдың финалға шығу мүмкіндігін жоғары бағалаймын. Қазақ боксшысы өткен жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен бері қарқын алды. Каллум Питерс, әзербайжандық Мурад Аллахвердиев және жартылай финалдағы боксшы үшін өте мықты қарсылас болуы керек. Оралбайды былтыр Иштван Бочкай мемориалында жеңген Александр Хизнякқа қарсы мүмкіндігі азырақ, бірақ мүлдем жоққа шығармас едім.

Болжам:

“Алтын” – Арлен Лопес (Куба);

“Күміс” – Нұрбек Оралбай (Қазақстан);

“Қола” – Александр Хижняк (Украина), Тоқтарбек Таңатхан (Қытай)”, – деп жазды О’Хиггинс.

“+ медаль, – боксшы”. 28 шілдеде Париж Олимпиадасы қалай өтті?

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *