LiveResult порталы Париж Олимпиадасының жартылай финалындағы қазақстандық Нұрбек Оралбай мен доминикандық Кристиан Хавьер Пиналес жекпе-жегіне болжам жасады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Олар бүгін 80 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасады.
“Нұрбек 24 жаста. Ол қарсыласынан он сантиметрге ұзын – 187 см. Оралбай қатарынан алты жекпе-жекте жеңді. Боксшы Олимпиадада екі кездесу өткізіп, екеуінде де басым түсті: Питерсті және Аллахвердиевті.
Оралбай – алдағы кездесудің фавориті. Боксшылар бұған дейін бір-бірімен кездеспеген. Екі спортшының да жеңіс сериясы бар.
Болжам: Кристиан Пиналес бұл жекпе-жекте жеңіске жетеді”, – деп жазды басылым.
37