“Нұсқау беріп жүр”. Черчесовтің құрамадағы жұмысы басталды

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің ұлттық командадағы жұмысы басталды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов айтты.

“Черчесовтің Қазақстан құрамасымен алғашқы оқу-жаттығу жиыны қыркүйек айының басында өтеді. Станислав Черчесов іріктеу матчтарына, оның ішінде Норвегияға қарсы бірінші ойынға дайындық циклін бастау үшін оқу-жаттығу жиындарын дәл осы уақытта жоспарлап отыр.

Қазір Черчесов көптеген футболшымен араласып, нұсқау беріп жүр. Ресейлік маман мен оның бапкерлер штабының кәсіби жұмысы басталып кетті. Станислав Саламович қазақстандық клубтардың ойындарына да бара бастады”, – деді Барменқұлов Sport24 тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының маусым айындағы жолдастық матчтарында Руслан Балтиев бас бапкер міндетін атқарған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар