«Ол маған уәде еткен еді…»: Сметов Парижге аттанарда ата-анасына қандай серт берген

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті Алматы әуежайынан күтіп алған анасы Тоқтагүл Сметова сұхбат берді, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

“Жүрегімнің түбінде қуаныш сезімі болды. Балама сәттілік тіледім. Ана жүрегі алдамайды, бір қуаныш боларын сездім. Балам да “еш уайымдамаңдар, сіздердің қолдауларыңызбен алтын медаль аламын” деді. Өзі кетерде “алтыннан алқа әкелемін” деп уәде берді”, – дейді Тоқтагүл Сметова.

Оның айтуынша, ана жүрегі баласы үшін әркез тілекші болары сөзсіз.

“Қуанышымызды сөзбен айтып жеткізе алмаймыз. Баламыз аман болсын. Спортшы баласы бар барлық анаға осындай қуаныш тілеймін. Елдос додаға түсіп жатқанда өзіміз жарысып жатқандай қуанамыз. «Алтын аласың» деп тілегімізді айтып, шығарып салдық. Өзі де сенімді болды”, – дейді чемпионның анасы.

Еске салсақ, бүгін жұртшылық Алматы әуежайынан Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты қарсы алды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *