Олимпиада-2024: Геннадий Головкин бокстан кезекті жарыс күнін ашты

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күнін ашып берді, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы Париж Олимпиадасын ұйымдастырушылар даңқты қазақстандық спортшыға құрмет көрсетіп, 31 шілдедегі бокс бәсекесін ашу мәртебесін ұсынды.

Геннадий Головкин ағаш таяқпен еденді үш рет ұрып, жекпе-жектердің басталғанын хабарлады.

Бұл 2024 жылғы Олимпиада ойындарына енгізілген басты жаңалықтардың бірі. Ұйымдастырушылар Францияның мәдени дәстүрлеріне басымдық бере отырып, театр мен спортты біріктеруге ұмтылған.

Аталған дәстүр көпшілікті  спортшылардың өнеріне үлкен құрметпен қарауға шақырады.

Үш соққы көрермендерді әрбір оқиғаның жанкүйер құрметіне лайық екенін еске салады және үш соққы орындалған кезде театрдағы секілді, трибунаға жиналған жанкүйерлер де бір минут үнсіздік сақтауы керек.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *