Олимпиада-2024: қазақстандық боксшылардың кестесі жарияланды

Қазақстандық боксшылардың Париж Олимпиадасындағы жекпе-жектер кестесі жарияланды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

25 шілдеде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні қазақстандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады.

Қазақстанның ерлер құрамасында жеті боксшы Олимпиадаға жолдама алды: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Коңқабаев (92 кг жоғары).

Ал әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай (50 кг), Карина Ибрагимова (57 кг) және Валентина Хальзова (75 кг) өнер көрсетеді.

Бастапқы кезеңдегі жекпе-жектер кестесі мынадай:

27 шілде

1/16 финал
63,5 кг (ерлер) — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы.

28 шілде

1/16 финал
57 кг (ерлер) — Сабырхан Махмұд;
71 кг (ерлер) — Асланбек Шымбергенов;
50 кг (әйелдер) — Назым Қызайбай;
92 кг (ерлер) — Айбек Оралбай.

29 шілде

1/8 финал
63,5 кг (ерлер) — Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (егер өтсе);
+92 кг (ерлер) — Қамшыбек Қоңқабаев.

30 шілде

1/16 финал
57 кг (әйелдер) — Карина Ибрагимова.

1/8 финал
51 кг (ерлер) — Сәкен Бибосынов;
80 кг (ерлер) — Нұрбек Оралбай.

31 шілде

1/8 финал
57 кг (ерлер) — Сабырхан Махмұд (егер өтсе);
71 кг (ерлер) — Асланбек Шымбергенов (егер өтсе);
75 кг (әйелдер) — Валентина Хальзова.

1 тамыз

1/8 финал
50 кг (әйелдер) — Назым Қызайбай (егер өтсе)

Кейін ширек финал жекпе-жектері басталады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

One Response

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *