Олимпиада кестесі: 2 тамызда кімдер жарыс жолына шығады?

Париждегі Жазғы Олимпиада ойындарының жетінші жарыс күнінде қазақстандықтар сегіз спорт түрінде бақ сынайды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Қазақстандық академиялық ескек есу, жүзуден соңғы рет жарыс жолына шығады, ал жеңіл атлетика жарыстары, керісінше, бастауын алады.

Үш боксшымыз рингке көтеріледі.

Дзюдодан жекелей сында соңғы болып Камила Берлиқаш шығады.

2 тамыз кестесі

Стенд ату
12:30. Скит. Іріктеу. Ерлер. Бірінші күн
Эдуард Ещенко

Академиялық ескек есу
12:30. Жекелей сын. Ерлер. Е финалы
Владислав Яковлев

Дзюдо
13:00. Әйелдер, 78 келіден жоғары
Камила Берліқаш
19:00 Финалдар
Трансляция: “Хабар” (13:00, 19:00)

Жеңіл атлетика
13:15. Биікке секіру. Іріктеу. Әйелдер
Надежда Дубовицкая
Елизавета Матвеева
Трансляция: “Ел Арна” (13:15)

Жүзу
14:00. 100 м баттерфляй. Бастапқы кезең
Әділбек Мусин
00:00. Жартылай финал
Трансляция: “Ел Арна” (23:25)

Семсерлесу
16:30. Командалық шпага. 1/4 финал
18:50 – жартылай финал, 3-орынға талас – 22:30, финал – 23:30
Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай
Трансляция: Qazaqstan (22:25), Jibek Joly (22:25)

Бокс
20:22. Ерлер, 80 кг. 1/4 финал
Нұрбек Оралбай – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан)
23:32. Әйелдер, 57 кг. 1/8 финал
Карина Ибрагимова – Ашлеян Лозада Мотта (Пуэрто-Рико)
00:20. Ерлер, 51 кг. 1/4 финал
Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)
Трансляция: “Ел Арна” (18:30), “Хабар” (23:00)

Батут
21:00. Іріктеу. Ерлер
Данил Мұсабаев
22:50. Финал
Трансляция: QazSport (21:00)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар