Париждегі Жазғы Олимпиада ойындарының оныншы жарыс күнінде қазақстандықтар екі спорт түрінде бақ сынайды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Грек-рим күресінен балуандарымыз бозкілемге шығады.
Ту ұстаушы Ольга Сафронова жұбаныш кезеңі арқылы жартылай финалға шығуға тырысады.
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко соңғы рет жарыс жолына шығады.
5 тамыз кестесі
Стенд ату
12:00. Скит. Іріктеу. Микст
Әсем Орынбай/Эдуард Ещенко
Жеңіл атлетика
15:50. 200 м. Әйелдер. Жұбаныш кезеңі
Ольга Сафронова
Трансляция: “Хабар” (13:00)
Грек-рим күресі
18:00. Ерлер, 130 кг. 1/8 финал
Әлімхан Сыздықов – Алин Алексус Чюрариу (Румыния)
18:00. Ерлер, 60 кг. 1/8 финал
Айдос Сұлтанғали – Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан)
Трансляция: “Ел Арна” (18:00)
213
One Response