Олимпиада ойындарынан бір спортты алып тастау талап етілді. Себебі белгілі

PETA ұйымының құқық қорғаушысы Халықаралық Олимпиада комитетінен ат спортын ойындардан алып тастауды талап етті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

PETA үндеуінде Олимпиада чемпионы ұлыбританиялық Шарлотта Дюжарден жаттығу кезінде атты қамшымен сабап жатқаны түсірілген видеоны көрсетті.

“Халықаралық Олимпиада комитетіне үндеуіміз айқын: ат спортынан Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алып тастау керек”, – делінген РЕТА хабарламасында.

39 жастағы Дюжарден осы видео тарағаннан кейін Париж Олимпиадасына қатысудан бас тартқан. Қазір спортшыға қатысты Халықаралық ат спорты федерациясы (FEI), Британия ат спорты федерациясы тексеріс жүргізіп жатыр. FEI оны жарты жылға жарыстардан шеттетіп тастады.

Дюжарден – үш дүркін Олимпиада чемпионы, бір мәрте күміс және екі рет қола медаль еншілеген.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар