Олимпиадада Джокович пен Надаль кездесті. Матч ірі жеңіспен аяқталды

Париж Олимпиадасы теннис турнирінің екінші айналымда сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Рафаэль Надаль кездесті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Бұл матчта Джокович сенімді жеңді – 6:1, 6:4. Матч бір сағат 43 минутқа созылды.

Новак енді келесі кезеңде Доминик Кепфер (Германия) – Маттео Арнальди (Италия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Сербиялық теннисші 2008 жылы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдесін алған, одан кейін медаль еншілемеді.

Ал Надаль екі дүркін Олимпиада чемпионы – 2008 және 2016 жылдары топ жарған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *