Олимпиаданың жабылу салтанатында Қазақстан туын кімдер алып шығады

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімінде Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм” тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, ойындардың жабылу шарасында ел туын ерлерден таеквондошы Батырхан Төлеуғали мен әйелдер арасында көркем гимнастикадан ел намысын қорғаған Эльжана Таниева алып шығады.

Айта кетсек, Батырхан Төлеуғали Парижде 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы.

Ал Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында төрт жаттығудың қорытындысы бойынша финалға өте алмаған еді. Ол төрт жаттығудың нәтижесі бойынша 126.600 ұпай жинады.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің көк туын бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ұстап шыққан болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *