“Ондай ойыншы біреу ғана”. Мбаппе Роналду туралы ойын айтты

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду туралы пікірін айтты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

5 шілдеде Еуропа чемпионатының ширек финалы аясында Португалия мен Франция күш сынасады.

“Бұл маған үлкен мәртебе, оған қаншалықты тәнті екенімді бәрі біледі. Әлі де хабарласып тұрамыз. Ол футболдың аңыз болып қала береді, бірақ біз ертең жеңіске жетеміз деп үміттенеміз.

Оған неге қызығамын? Оның қандай екенін және қандай болғанын бағалау керек, ол бірегей ойыншы. Мен оны құрметтеймін.

Ондай ойыншы біреу ғана. Ал мен өз жолымды ұстанғым келеді. “Реалда” өзімнің керемет парақшамды жазамын деп үміттенемін, бірақ ол басқаша болады”, – деп келтірді Мбаппенің сөзін RMC Sport.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар