Қазақстандық футболшы Рамазан Оразов даниялық “Силькеборг” сапындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Оразов нидерландтық “Зволлеге” қарсы жолдастық матчты негізгі құрамда бастады. Қазақстандық жартылай қорғаушы 31-минутта пенальтиден гол салып, командасының екінші добын соқты.
Қазір оның командасы 3:0 есебімен жеңіп жатыр.
Айта кетейік, Оразов 1 шілдеде ресми түрде “Ақтөбеден” “Силькеборг” сапына ауысқан болатын. Бұған дейін “Утрехтке” қарсы жолдастық ойында дебютін өткізген еді.
3
One Response