“Ордабасы” Алматыда армениялық клубтан жеңіліп қалды

Шымкенттік “Ордабасы” УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінде армениялық “Пюниктен” жеңіліп қалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы Орталық стадион еурокубоктың үшінші кезеңіне сай болмағандықтан, “Ордабасы” армениялық қарсыласын Алматыда қабылдады.

Матчта бір ғана гол соғылды. Оны “Пюник” салды. 56-минутта оң қанаттан асырылған пасты Юсуф Отубанджо жақын бұрышқа дәл бағыттады. Ойын армениялық клубтың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Енді қарымта матч 15 шілдеде Арменияда өтеді. “Ордабасыға” келесі кезеңге өту үшін сырт алаңда екі гол айырмашылығымен жеңу керек.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *