Шымкенттік “Ордабасы” осы маусымда еурокубок рекордын орнатты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
The Sweeper басылымының ақпараты бойынша, шымкенттік клуб Люксембургтің Дифферданж қаласына жету үшін ұзақ сапар шеккен.
“Бір жаққа 4 843 км және жалпы алғанда 9 686 км — бұл кез келген еуропалық клубтың 2024/25 жылғы маусымда іріктеу кезеңдеріндегі ең алыс жол”, — деп жазды басылым.
✈️ Kazakh champions Ordabasy Shymkent have made a mammoth journey across Asia & Europe to Differdange in Luxembourg for their UECL qualifier today.
At 4,843km each way & 9,686km in total, it is the biggest distance travelled by any European club in the 2024/25 qualifying rounds. pic.twitter.com/2OpzQrpWvx
— The Sweeper (@SweeperPod) July 23, 2024
Айта кетейік, “Дифферданж” бен “Ордабасы” арасындағы алғашқы матч бүгін, 23 шілдеде Люксембургте өтеді. Қарымта матч 1 тамызға жоспарланған.
One Response