Париж-2024: Нұрлыхан Шархан өзбек дзюдошыға жол берді

Қазақстандық дзюдошы, 100 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Нұрлыхан Шархан Париж Олимпиадасының 1/8 финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Шарханның екінші қарсыласы өзбекстандық Музаффарбек Турабоев болды. Бұл белдесуде қазақстандық дзюдошы қарсыласына есе жіберді. 2022 жылғы әлем чемпионы Турабоев иппон әдісімен жеңді.

Еске салайық, Нұрлыхан Шархан бұған дейін бельгиялық Тома Никифоровті жеңген еді.

Айта кетейік, бұған дейін Париж Олимпиадасында дзюдошыларымыз екі жүлде жеңіп алған еді – Елдос Сметов алтын, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль еншілеген болатын.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар