130 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін қазақстандық балуан Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының ширек финалында сүрінді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Грек-рим күресі жарысының ширек финалында Сыздықов әзербайжандық Сабах Шариатимен белдесті. Өкінішке қарай, Сыздықов бұл белдесуде қарсыласына жол берді – 0:4.
Енді Шариати жартылай финалда төрт дүркін Олимпиада чемпионы кубалық Михаин Лопес Нуньеспен кездеседі. Әзербайжандық балуан финалға шықса, Әлімхан қола медальға таласуға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, Әлімхан Сыздықов бұған дейін румыниялық Алин Алексус Чюрариуді жеңген болатын.
22