Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде жеңілді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
73 келіге дейінгі салмақта Шамшаевтың алғашқы қарсыласы 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері өзбекстандық Муроджон Юлдашев болды. Өкінішке қарай, Шамшаев қарсыласына жол берді.
Айта кетейік, бұған дейін Париж Олимпиадасында дзюдошыларымыз екі жүлде жеңіп алған еді – Елдос Сметов алтын, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль еншілеген болатын.
“+ медаль, – боксшы”. 28 шілдеде Париж Олимпиадасы қалай өтті?
37