Қазақстандық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
63,5 келі салмақта сынға түсетін Мұхамедсабыр ширек финалда грузиялық Лаша Гурулимен кім мықтыны анықтады. Қазақстандық боксшы қарсыласына жол беріп, келесі кезеңге жолдама ала алмады.
Айта кетейік, Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде испаниялық Ойер Конде Ибарречемен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді. Ал одан кейін 1/8 финалда Қытайлық Тайпей өкілі Чу Ен Лайдан басым түскен болатын.
15