Париж-2024: Қазақстан дзюдодан командалық жарыста жеңілді

Париж Олимпиадасында дзюдодан командалық сайыс басталды. 1/8 финалда Қазақстан мен Бразилия күш сынасты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Алғаш болып татамиге қыздар арасында 57 келіге дейінгі салмақта дзюдошылар шықты. Рио Олимпиадасының чемпионы Рафаэль Силваға 48 келідегі Әбиба Абужақынова қарсы тұрды. Әбиба бұл кездесуде жеңілді.

Кейін Данияр Шамшаев иппон әдісімен жеңіп, есепті теңестірді. Артынша Есмигүл Куюлова қарсыласына жол берді, Абылайхан Жұбаназар есепті қайтадан тең қылды – 2:2.

Шешуші екі белдесуде, өкінішке қарай, Қазақстан жеңіліп қалды. Камила Берліқаш пен Нұрлыхан Шархан қарсыластарына есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы үшін Париж Олимпиадасы аяқталды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *