Париж-2024: ширек финалда қай елдің боксшысы көп?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында бокс турнирінің барлық ширек финалисі анықталды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Қазақстаннан төрт боксшы ширек финалға шықты.

Ширек финалға жеткен өкілдерінің саны бойынша Өзбекстан алда – олардың жеті боксшысы да жартылай финал жолдамаларын сарапқа салады.

Қазақстан мен Испаниядан төрт боксшыдан бар, олар екінші орынды бөлісіп тұр.

Франция мен Кубадан үш боксшы бар. Доминикан Республикасы, Аустралия, АҚШ, Болгария, Әзербайжан және Бразилияның екі боксшысы ширек финалға шықты. Замбия, Кабо-Верде, Филиппин, Қырғызстан, Жапония, Канада, Венгрия, Таиланд, Грузия, Дания, Иордания, Ұлыбритания, Үндістан, Мексика, Хорватия, Украина, Бельгия, Ирландия, Тәжікстан, Италия, Германия, Эквадор мен Армениядан бір боксшыдан өтті.

Еске салайық, бұған дейін Париж Олимпиадасының ширек финалына қазақстандық Сәкен Бибосынов (51 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5), Нұрбек Оралбай (80 кг) мен Айбек Оралбай (92 кг) шыққан еді. Ал Асланбек Шымбергенов (71 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) пен Махмұд Сабырхан (57 кг) үшін турнир аяқталды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар