Париж-2024: таеквондошы Батырхан Төлеуғали екі дүркін әлем чемпионына жол берді

Таеквондодан Қазақстан командасының мүшесі Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан  1/8  айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар