Париж финалы! Демеу Жадыраев тағы бір сенсация жасады

Грек-рим күресінен қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

77 келіге дейінгі салмақта Жадыраев жартылай финалда әлемнің екі дүркін вице-чмепионы әзербайжандық Санан Сулеймановпен белдесті. Қазақстандық балуан бұл жекпе-жекте жеңіске жетіп, финалға жолдама алды – 6:1.

Ол енді жапониялық Нао Кусакамен алтын медальді сарапқа салады. Финал 7 тамызға жоспарланған.

Айта кетейік, Жадыраев бұған дейін 1/8 финалда колумбиялық Хаир Алексис Куэро Муньосты сенімді жеңген болатын. Ал ширек финалда сенсация жасап, екі дүркін әлем чемпионы қырғызстандық Ақжол Махмудовтан айласын асырған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *