Париж Олимпиадасы: 2 тамыздағы нәтижеміз қандай?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 2 тамызда қазақстандықтар сегіз спорт түрінде бақ сынап жатыр. “Екінші Тайм” назарларыңызға қазақстандықтардың 2 тамызда нәтижесін LIVE режимде ұсынады.

Стенд ату, биікке секіру және жүзуден спортшыларымыз іріктеуден өте алмады. Дзюдошы Камила Берліқаш та алғашқы белдесуінде жеңілді.

Боксшы Нұрбек Оралбай жартылай финалға шықты, демек кем дегенде қола медальға қол жеткізді.

2 тамыз кестесі

Стенд ату
Скит. Іріктеу. Ерлер. Бірінші күн
Эдуард Ещенко – 66 ұпай

Академиялық ескек есу
Жекелей сын. Ерлер. Е финалы
Владислав Яковлев – 1-орын (6:59.43), жалпы 25-орын

Дзюдо
Әйелдер, 78 келіден жоғары
Камила Берліқаш – Адиясурен Амарсаихан (Моңғолия) – 0:10

Жеңіл атлетика
Биікке секіру. Іріктеу. Әйелдер
Елизавета Матвеева – 19-орын (1.88), іріктеуден өткен жоқ
Надежда Дубовицкая – 28-орын (1.83), іріктеуден өткен жоқ

Жүзу
100 м баттерфляй. Бастапқы кезең
Әділбек Мусин – 29-орын (52.74), жартылай финалға өткен жоқ

Семсерлесу
Командалық шпага. 1/4 финал
Қазақстан – Венгрия – 30:45
5-8-орындар үшін
Қазақстан – Египет – 36:21
5-орын үшін
Қазақстан – Италия – 36:45
Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай – 6-орын

Бокс
Ерлер, 80 кг. 1/4 финал
Нұрбек Оралбай – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан) – 5:0
Әйелдер, 57 кг. 1/8 финал
Карина Ибрагимова – Ашлеян Лозада Мотта (Пуэрто-Рико) – 0:5
Ерлер, 51 кг. 1/4 финал
Сәкен Бибосынов – Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)

Батут
21:00. Іріктеу. Ерлер
Данил Мұсабаев – 9-орын (58.070), финалға өткен жоқ

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *