Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 3 тамызда қазақстандықтар сегіз спорт түрінде бақ сынап жатыр. “Екінші Тайм” назарларыңызға қазақстандықтардың 3 тамызда нәтижесін LIVE режимде ұсынады.
Күннің басты жаңалығы – Нариман Құрбановтың күміс жүлде алуы. Ол тұтқалы ат жаттығуында медальға қол жеткізді.
Назым Қызайбай да бокстан жартылай финалға шықты, демек кем дегенде “қола” бар.
Дзюдоның соңғы жарыс күнін сәтсіз өткіздік. Командалық сайыстың 1/8 финалында Қазақстан Бразилияға есе жіберді.
3 тамыз кестесі
Дзюдо
11:00. Командалық сайыс. 1/8 финал
Қазақстан – Бразилия – 2:4
Стенд ату
Скит. Іріктеу. Ерлер. Екінші күн
Эдуард Ещенко – 26-орын (115 ұпай)
Скит. Іріктеу. Әйелдер. Бірінші күн
Әсем Орынбай – 23-орын (67 ұпай), ертең іріктеу жалғасады
Спорттық гимнастика
Еркін жаттығу. Финал
Милад Карими – 5-орын (14.500)
Аттағы жаттығу. Финал
Нариман Құрбанов – 2-орын (15.433 ұпай)
Велоспорт
Топтық жарыс. Ерлер
Алексей Луценко – 52-орын, Евгений Федоров – жарысты аяқтамады
Бокс
Әйелдер, 50 кг. 1/4 финал
Назым Қызайбай – Ингрит Лорена Валенсия Виктория (Колумбия) – 4:1