Париж Олимпиадасы: 30 шілдедегі нәтижеміз қандай?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 30 шілдеде қазақстандықтар он спорт түрінде бақ сынап жатыр. “Екінші Тайм” назарларыңызға қазақстандықтардың 30 шілдедегі нәтижесін LIVE режимде ұсынады.

Дзюдошыларымыз Абылайхан Жұбаназар мен Есмигүл Куюлова алғашқы қарсыласынан жеңіліп қалды.

Әділбек Мусин, өкінішке қарай, 100 метрге еркін стильмен жүзуде іріктеуден өте алмады.

Ал боксшылар Нұрбек Оралбай мен Сәкен Бибосынов ширек финалға жолдама алды.

Стендке ату
12:00. Трап. Іріктеу. Әйелдер
Мария Дмитриенко – 73 ұпай (іріктеу ертең жалғасады)

Дзюдо
13:00. Ерлер, 81 кг
Абылайхан Жұбаназар – Аттила Унгвари (Венгрия) – 0:1
13:00. Әйелдер, 63 кг
Есмигүл Куюлова – Любьяна Пиовесана (Австрия) – 0:1

Жүзу
14:15. 100 метрге еркін стильмен. Бастапқы кезең
Әділбек Мусин – өз тобында 8-орын (49.52), жартылай финалға өтпеді

Бокс
19:18. Ерлер, 80 кг. 1/8 финал
Нұрбек Оралбай – Каллум Петерс (Аустралия) – 3:2
23:00. Ерлер, 51 кг. 1/8 финал
Сәкен Бибосынов – Самет Гумус (Түркия) – 5:0

Садақ ату
22:03. 1/32 финал. Ерлер
Ильфат Абдуллин – Эрик Петерс (Канада) – 4:6

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар