Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 31 шілдеде қазақстандықтар бес спорт түрінде бақ сынады. “Екінші Тайм” назарларыңызға қазақстандықтардың 30 шілдедегі нәтижесін LIVE режимде ұсынады.
Бұл күн де біз үшін сәтсіз өтті. Екатерина Шабалина триатлон жарысын аяқтай алмады. Стенд ату мен нысана көздеуден де іріктеуден өте алмадық.
Боксшыларымыз Махмұд Сабырхан мен Валентина Хальзова 1/8 финалда жеңіліп қалды.
Триатлон
Әйелдер
Екатерина Шабалина – DNF, жарысты аяқтамады
Стенд ату
Трап. Іріктеу. Әйелдер. 2-күн
Мария Дмитриенко – 10-орын (120 ұпай), финалға өтпеді
Нысана көздеу
Үш позициядан 50 метрден винтовкамен ату. Іріктеу. Ерлер
Ислам Сәтбаев – 18-орын (588-24х), финалға өтпеді
Константин Малиновский – 25-орын (586-29х), финалға өтпеді
Бокс
Ерлер, 57 кг. 1/8 финал
Махмұд Сабырхан – Хосе Кулес Бротос (Испания) – 1:4
Әйелдер, 75 кг. 1/8 финал
Валентина Хальзова – Атеина Бибечи Билон (Панама) – 1:4
Үстел теннис
Жекелей сын. Ерлер. 1/8 финал
Кирилл Герасименко – Омар Ассар (Египет) – 2:4
Спорт гимнастикасы
Көпсайыс. Финал. Ерлер
Милад Карими – 24-орын (76.065 ұпай)