Париж Олимпиадасы: 6 тамыздағы нәтижеміз қандай?

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 6 тамызда қазақстандықтар төрт спорт түрінде бақ сынады. “Екінші Тайм” назарларыңызға қазақстандықтардың 6 тамыздағы нәтижесін ұсынады.

Байдарка мен каноэде жүзуді сәтсіз бастадық. Спортшыларымыз іріктеуден өте алмады.

Есесіне грек-рим күресі қуаныш сыйлады. Демеу Жадыраев финалға жолдама алды.

Құзға өрмелеуден Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын орнатқан, бірақ кейін бұл рекордты индонезиялық спортшы қайта жаңартып кетті.

Байдарка мен каноэде жүзу
500 метрге каноэ-жұптық. Ерлер. 1/4 финал
Сергей Емельянов/ Тимур Хайдаров – өз тобында 4-орын (1:44.03), В финалына шықты

500 метрге каноэ-жұптық. Әйелдер. 1/4 финал
Мария Бровкова/Руфина Искакова – өз тобында 4-орын (2:01.76), В финалына шықты

500 метрге байдарка-жұптық. Ерлер. 1/4 финал
Бекарыс Раматулла/Сергей Токарницкий – өз тобында 6-орын (1:37.58), В финалына шықты

Жеңіл атлетика
Кедергілермен 110 метрге жүгіру. Ерлер. Жұбаныш кезеңі
Давид Ефремов – фальстарт салдарынан шеттетілді
00:14. 3000 метрге стипль-чез. Әйелдер. Финал
Нора Джеруто

Грек-рим күресі
Ерлер, 77 кг.
1/8 финал. Демеу Жадыраев – Хаир Алексис Куэро Муньос (Колумбия) – 9:0
1/4 финал. Демеу Жадыраев – Ақжол Махмудов (Қырғызстан) – 3:1
1/2 финал. Демеу Жадыраев – Санан Сулейманов (Әзербайжан) – 6:1, финалға шықты

Спорттық құзға өрмелеу
16:00. Жылдамдық. Іріктеу. Ерлер
Әмір Маймұратов – 2-орын (4.89), ширек финалға шықты

Бокс
1:02. Әйелдер, 50 кг. Жартылай финал
Назым Қызайбай – Ю Ву (Қытай)

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *