Қазақстан Париж Олимпиадасының жетінші жарыс күнінен кейін медальдар есебінде тағы төмендеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Қазір Қазақстан бір алтын және екі қола медальмен 25-орында. Бұл орынды Бельгия және Өзбекстанмен бөлісіп тұр.
Қытай медальдар есебінде көш басындағы орнын ұстап тұр – 13 алтын, тоғыз күміс және тоғыз қола медаль. Франция (11-12-13) әлі де екінші орында. Үздік үштікті Аустралия (11-6-5) түйіндейді.
Қазақстан көршілерінен Өзбекстанда бір алтын мен екі қола медаль бар, ал Қырғызстан мен Түрікменстан әзірше жүлде еншілей алмады.
Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 50 мемлекет жүлде жеңіп алды.
51