Қазақстан Париж Олимпиадасының бесінші жарыс күнінен кейін медальдар есебінде төмендеді, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Ұлттық команда кеше жарыс күнін 12-орынмен бастаған еді. Қазір Қазақстан бір алтын және екі қола медальмен 16-орында. Бұл орынды Бельгия және Оңтүстік Африкамен бөлісіп тұр.
Қытай медальдар есебінде көш басына шықты – тоғыз алтын, жеті күміс және үш қола медаль. Франция (8-10-8) бесінші орыннан екінші орынға көтерілді. Үздік үштікті Жапония (8-3-4) түйіндейді.
Қазақстан көршілерінен Өзбекстан 23-орында (бір алтын медаль), ал Қырғызстан мен Түрікменстан әзірше жүлде еншілей алмады.
Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 41 мемлекет жүлде жеңіп алды.
11