Париж Олимпиадасының медальдар кестесінде Қазақстан 6-орында тұр, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Алғашқы жарыс күнінен кейін медальдар кестесінде Аустралия көш бастап тұр – үш алтын, екі күміс.
Екінші орында Қытай келе жатыр – екі алтын және бір қола жүлде.
Ал үздік үштікті АҚШ түйіндеп тұр – бір алтын, екі күміс және екі қола медаль.
Топ-5 қатарында Франция (1-2-1) мен Оңтүстік Корея (1-1-1) бар.
Кеше бір алтын және бір қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы дәл қазір 6-орында. Бұл орынды Бельгия және Жапониямен бөлісіп тұр.
Кеше дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанған болатын. Ал Александра Ле мен Ислам Сәтпаев оқ атудан қола медаль иеленген еді.
Олимпиада кестесі: 28 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады?
73