Париж Олимпиадасы: Қазақстан топ-10 қатарынан шығып қалды

Қазақстан Париж Олимпиадасының үшінші жарыс күнінен кейін медальдар есебінде топ-10 қатарынан шығып қалды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Қазір Қазақстан құрамасы бір алтын және екі қола медальмен 12-орында тұр. Бұл орынға Оңтүстік Африкамен бірге орналасқан. 11-орында – екі алтын жүлдесі бар Германия құрамасы.

Қазір медальдар есебінде Жапония көш бастап тұр – 6 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль. Одан кейін Франция (5-8-3) мен Қытай (5-5-2) тұр.

Қазақстан көршілерінен Өзбекстан 15-орында (бір алтын медаль), ал Қырғызстан әзірше жүлде еншілей алмады.

Бүгінде Париж Олимпиадасында барлығы 26 мемлекет жүлде жеңіп алды.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *