Қазақстандық боксшылардың Париждегі жазғы Олимпиада ойындарындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Қазақстанның ерлер құрамасында жеті боксшы Олимпиадаға жолдама алды: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 кг) және Қамшыбек Коңқабаев (92 кг жоғары).
Жеребе нәтижесі мынадай:
51 кг. Сәкен Бибосынов (Қазақстан) — Самет Гюмюш (Түркия)
57 кг. Махмұд Сабырхан (Қазақстан) — Хосе Кильес (Испания)
63,5 кг. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Қазақстан) — Ойер Конде Ибаррече (Испания)
71 кг. Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) — Зеяд Ишаиш (Иордания)
80 кг. Нұрбек Оралбай (Қазақстан) — Каллум Питерс (Аустралия)
92 кг. Айбек Оралбай (Қазақстан) — Адам Олаоре (Нигерия)
92+ кг. Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) — Аюб Гадфа Дрисси (Испания).