Париж Олимпиадасы: қазақстандық мергендер финалға шыға алмады

Қазақстандық Ислам Сәтпаев пен Константин Малиновский Париж Олимпиадасында нысана көздеуден іріктеуден өткен жоқ, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Сәтпаев пен Малиновский кіші калибрлі винтовкаамен үш позициядан нысана көздеуден (50 метр) іріктеуге қатысқан.

Сәтпаев 588 ұпай жинап, 18-орын алды. Ал Малиновский 586 ұпаймен 25-орынға табан тіреді.

Іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы сегіз орынды иеленген спортшылар финалға жолдама алды.

Еске салайық, Ислам Сәтпаев бұған дейін Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған еді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар