Париждегі Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың қатысуымен алғашқы жарыстар өтті, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
Садақ атудан жекелей сында қазақстандық үш спортшы өнер көрсетті – Ильфат Абдуллин, Александр Еременко және Дәулеткелді Жаңбырбай.
Жарыс қорытындысы бойынша Жаңбырбай 668 ұпай жинап, 22-орын, Абдуллин 663 ұпаймен 29-орын, Еременко 640 ұпаймен 59-орын алды.
Айта кетейік, 1/16 финалда Дәулеткелді Жаңбырбай рейтингтік раундтың 43-нөмірі колумбиялық Хорхе Энрикеспен, Ильфат Абдуллин канадалық Эрик Петерспен (36-нөмір) және Александр Еременко франциялық Баптист Аддиспен (6-нөмір) кездеседі.
Еске салайық, Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты ертең, 26 шілдеде Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады.
19