Қазақстандық таеквондошылардың Олимпиададағы алғашқы қарсыластары анықталды

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық таеквондошылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

58 келі салмақта өнер көрсететін Самирхон Абабакиров алғашқы айналымда италиялық Вито Делль’аквиламен кездеседі. Самирхон – G1 турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан кубогы мен VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы атанған.

80 келі салмақта Қазақстан намысын қорғайтын Батырхан Төлеуғали Мали өкілі Исмаэль Кулибалимен күш сынасады. Исмаэль Кулибали – әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері.

Еске салайық, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда аяқталады.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар