Париждегі жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын спортшыдан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды “Екінші тайм”.
Times of India мәліметінше, коронавирус су добынан Аустралия құрамасының мүшесінен табылған. Ол қазір оқшауланған.
Аустралия олимпиадалық делегациясының басшысы Анна Мирес қай спортшы коронавирус жұқтырғанын айтпады. Қазір онымен байланыста болғандардың бәрі арнайы бақылауда. Бірақ құрама кестесі өзгермеді, дайындық жалғасып жатыр.
25