Оңтүстік Корея спортшысы Лим Си Хен Париждегі Олимпиада ойындарында әлем рекордын жаңартты, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.
21 жастағы спортшы садақ ату жарысында мүмкін болған 720 ұпайдың 694-ін еншіледі. Осылайша, 2019 жылғы әлем рекордын жаңартты.
Бұрынғы рекорд оның отандасы Кан Чхэ Енге (692 ұпай) тиесілі еді.
Франциядағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді.
19