Париж Олимпиадасында тарихи рекорд орнатылды

Париж Олимпиадасы жазғы ойындар тарихында ең көп көрермен жинаған Олимпиада болды, деп хабарлайды “Екінші Тайм”.

Париждегі Олимпиада ойындарының коммерциялық операциялар жөніндегі директоры Дэмиен Раджоның мәліметінше, қазіргі уақытта 9,5 миллионнан аса билет сатылған.

“Бұл Олимпиада ойындарының көрермендер саны бойынша рекорды, себебі бұрынғы рекорд Атланта ойындарына тиесілі (АҚШ-тағы Олимпиада 1996 жылы өтті) және 8,3 миллион билет сатылған болатын.

Қазір біз Паралимпиада ойындары билеттерінің сатылымы бойынша да көш басындамыз. Күн сайын 20 мың билет сатылып, бұл көрсеткіш өсіп жатыр,” – деді функционер RMC Sport-ке берген сұхбатында.

2024 жылғы Олимпиада ойындары 26 шілдеде басталып, 11 тамызға дейін жалғасады. Ал 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде 2024 жылғы Паралимпиада ойындары өтеді.

Facebook
Threads
WhatsApp
VK
X
Telegram

Басты жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар